Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
ЖИ-ассистент
ҚАЗ
Жеке кабинет
Атыс қаруы: Тапаншалар тарихы
Атыс қаруы: Тапаншалар тарихы
Басылымда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының музей қорындағы қару-жарақ пен әскери жабдықтар коллекциясына кіретін тапаншалар мен револьверлерді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Каталогта коллекциялық қарудың 29 үлгісі сипатталған. Музей заттары туралы анықтамалар мен қысқаша деректер: түсім кітабындағы нөмірі, атауы, калибрі, материалы мен жасалу техникасы және жылы берілген. Әрбір музей затының сипаттамасына түрлі түсті фотосурет қоса берілген. Музей коллекциясының каталогы қалың оқырманға арналған. Басылымдағы мәліметтерді музей қызметкерлері күнделікті жұмыста, сондай-ақ атыс қаруының тарихына қызығатын оқырмандар пайдалана алады.
PDF · 25.3 КБ
ҚАРАУ
Тастардың таңғажайып әлемі
Тастардың таңғажайып әлемі
Басылымда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының музей қорындағы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, қару-жарақ пен әскери жабдықтар, кәдесыйлар, ыдыс-аяқ, бейнелеу өнері, нумизматика және материалдық мәдениет коллекцияларынан алынған «Материал: тас» тақырыптық тобындағы экспонаттар туралы ғылыми-анықтамалық ақпаратты жүйелеу нәтижелері ұсынылған. Каталогқа ақық, гранит, лазурит, малахит, нефрит және басқа тастардан жасалған 120-дан астам музей заты енген. Әрбір заттың сипаттамасында түсім кітабындағы нөмірі, атауы, материалы мен жасалу техникасы, өлшемдері, авторы (белгілі болса), сыйға тартушысы, сыйға тартылған жері мен жылы көрсетіліп, түрлі түсті фотосуреті қоса берілген. Музей коллекцияларының каталогы қалың оқырманға арналған. Басылымдағы мәліметтерді музей қызметкерлері күнделікті жұмыста, сондай-ақ тастар мен минералдардың кең әрі алуан түрлі әлеміне қызығатын оқырмандар пайдалана алады.
PDF · 25.0 КБ
ҚАРАУ
«Шахмат өнері». Музей коллекциясының каталогы
«Шахмат өнері». Музей коллекциясының каталогы
Басылымда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының музей қорындағы шахмат коллекциясының жеке тақырыптық тобы бойынша ғылыми-анықтамалық ақпаратты жүйелеу нәтижелері ұсынылған. Каталогқа шахматтың 19-дан астам түрі енген. Әрбір музей затының сипаттамасында түсім кітабындағы нөмірі, атауы, материалы мен жасалу техникасы, өлшемдері, авторы (белгілі болса), сыйға тартушысы, сыйға тартылған жері мен жылы көрсетіліп, түрлі түсті фотосуреті қоса берілген. Каталог қалың оқырманға арналған: мәліметтерді музей қызметкерлері күнделікті жұмыста және шахмат өнерінің тарихына қызығатын оқырмандар пайдалана алады. Астана, 2025. — 32 б.
PDF · 25.6 КБ
ҚАРАУ
«Жіптен өрілген мұра». Музей коллекцияларының каталогы
«Жіптен өрілген мұра». Музей коллекцияларының каталогы
Басылым Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының музей коллекцияларын кеңінен таныстыру мақсатында дайындалған. Кілемдер коллекциясы туралы мәліметтер алғаш рет жарияланып отыр. Ғылыми-қор жұмысының нәтижелері бойынша материалдар әр елдің кілем тоқу өнеріне қарай топтастырылып, қысқаша аннотациялармен толықтырылып, әліпби ретімен берілген. Каталогқа анықтамалық мәліметтер мен фотосуреттер қоса берілген 37 кілем және киіз бұйымы енген. Басылым музейлер мен кітапханалар қызметкерлеріне, зерттеушілерге, оқытушыларға және қалың оқырманға арналған. Астана, 2025. — 36 б.
PDF · 25.8 КБ
ҚАРАУ